KZ RU
Салауатты мәдениетті қалыптастыру
1994 жылдан бергі өмір
0
Себет

Меновитол Про, 60 капс.
Меновитол Про, 60 капс.
Меновитол Про, 60 капс.
(35)
Өнім коды: 8220
Жоқ
12 800 тенге / шт.
Науқанның соңына дейін:
00күн
00сағат
00мин.

Климактерийлік кезеңде әйелдердің денсаулығына кешенді қолдау көрсету

Етеккір үзілісі кезеңі «Меновитол Про» кешенімен бірге жайлы өтеді. «Меновитол Про» әйелдердің жақсы хал-жайын, көрікті сыртқы келбетін, дене пішінінің сымбаттылығын және жұмысқа қабілеттігін сақтайды. Эмоциялар әрдайым тепе-теңеседі, ал жүйке жүйесіне қажет қолдау көрсетіледі және күйзеліс жағдайларын жақсы жеңеді. Әйелдің биязылығын сақтайды және ұйқысын жақсартады. «Меновитол Про» ақыл парасатын, жақсы есте сақтау қабілетін сақтайтыны және әйелдердің денсаулығын кешенді нығайтатыны маңызды.

Толық сипаттама
Сатып алу кезіндегі сыйлық
Біз бұл өнімді сатып алғанда сыйлық береміз
Сыйлықты таңдаңыз
Меновитол Про, 60 капс.
Меновитол Про, 60 капс.
(35)
Жоқ
12 800 тенге

Арт. 8220 
Ресейде өндірілген RU.77.99.88.003.Е.000504.02. 17 
Құты 60 капс.

«Меновитол Про» табиғи биокешенінің компоненттері етеккір үзілісіне дейінгі және кейінгі кезеңдерде әйелдің хал-жайын бақылауға мүмкіндік береді.

Осы кезеңде әйел ағзасында эстрогендердің тапшылығы сүйек тінінің тапшылығының, сондай-ақ бірқатар синдромдардың, соның ішінде нейро-вегетативті, жүрек-қан тамыры, зәр-жыныс синдромдарының себебіне айналады.

Формула компоненттерінің белсенді заттары жалпы нығайтқыш, қабынуға қарсы және ұзақ сергіткіш әрекет етеді, жүрек-қан тамыры, зәр-жыныс жүйелерінің ауруларының және сексуалдық мәселелердің алдын алуға ықпал етеді, липидтік алмасуды қалпына келтіреді, эмоциялық теңгерімді қалпына келтіреді, күйзеліс күйі мен жылауықты болдырмауға немесе нивелирлеуге, ұйқыны жақсартуға, есте сақтау қабілеті мен ақыл парасатын жақсартуға мүмкіндік береді; әйелдің денсаулығын, жұмысқа қабілеттігін және тартымды сырт келбетін барынша сақтау арқылы етеккір үзілісінен анағұрлым жайлы өтуге мүмкіндік береді.

Құрамы

·       шілтер жапырақты шайқурай шөбінің сіріндісі;

·       тамырсабақ пен диоскорея тамырларының сіріндісі;

·       тамырсабақ пен цимицифуга тамырларының сіріндісі;

·       тамырсабақ пен балдырған тамырларының сіріндісі;

·       қасиетті витекс жемістерінің сіріндісі;

·       мырыш;

·       В6 дәрумені;

·       микрокристаллды целлюлоза;

·       желатин.

ШАЙҚУРАЙ СІРІНДІСІ

Шайқурайдың белсенді заттары болып гиперицин, псевдогиперицин, гиперфорин, биофлавоноидтар табылады. Бұл заттар орталық және шеткері жүйке жүйесінің күйі мен қызметін жақсартады, күйзеліске қарсы әрекет етеді, психо-эмоциялық күйді және көңіл-күйді жақсартуға ықпал етеді, ұйқыны жақсартады. Шайқурай түйілуді басатын, қабынуға қарсы және өт айдағыш әрекет етеді.

БАЛДЫРҒАН (АЮБАЛДЫРҒАН) СІРІНДІСІ

Әйелдер ағзасындағы гормондық теңгерімді қалыпқа келтіруге, етеккір циклін қалпына келтіруге, сонымен қатар, гормоналдық препараттарды қабылдауды тоқтатқаннан кейін етеккір циклін қалпына келтіруге ықпал етеді. Кіші жамбастағы тоқырау құбылыстарына байланысты гинекологиялық аурулар кезінде оң әсер етеді. Етеккір ауыртатын болған кезде уросептиктің қасиеттері бар, несеп айдағыш әрекет етеді.

Балдырған шеткі қан айналымды жақсартады, қан тамырларының кеңеюіне, қан тұтқырлығын төмендетуге және қан ұйығы түзілуін төмендетуге ықпал етеді. Гемоглобиннің деңгейін арттырады. Иммунмодульдеуші, қабынуға қарсы және түйілуді басатын әрекет етеді.

ДИОСКОРЕЯ (ЖАБАЙЫ ЖӘМШІК) СІРІНДІСІ

Дисокореяның әрекет етуші заттары болып табылатын стероидтық сапониндер қан тамырларын кеңейтуге ықпал етеді және тегіс бұлшықеттердің түйілуін жояды, тромбоциттердің агрегациясын азайтады және қан ұйығы түзілуіне жол бермейді, бауырлағы холестерин мен триглицеридтердің синтезін басады және қандағы холестерин деңгейін төмендетеді. Түйілуді басатын қасиеттері бар және шаншулар мен іш кебуді жеңілдетеді.

Диосцин мен диосгенин, А және С просапогениндері ұйқы безі липазасының ингибиторлары болып табылады, тағам майларының ыдырауын тежейді және семіздікке жол бермейді. Диоскорея сапониндері ұзақ уақыт қолданылған кезде сүйек тінінің кальцийін сіңіруге ықпал етеді және постклимактерийлік кезеңде әйелдерде остеопорозды болдырмайды.

ҚАСИЕТТІ ВИТЕКС ЖИДЕКТЕРІНІҢ СІРІНДІСІ

Мынадай жағдайларда тиімді:

·       етеккір келер алдындағы синдром;

·       масталгия, мастодиния;

·       етеккір циклінің бұзылуы;

·       екіншілік етеккірсіздік;

·       дене сарыуызының тапшылығы;

·       етеккірдің аз келуі;

·       фиброздық-кистоздық мастопатия;

·       гиперпролактинемия;

·       әйелдердің бедеулігі және бала туушылық қабілетінің бұзылуы;

·       сүт безінің қатерсіз және қатерлі аурулары кезінде.

Белсенді ингредиенттері қабынуға қарсы, микробтарға қарсы, зеңге қарсы және тыныштандырғыш әрекет етеді.

ЦИМИЦИФУГА

Мынадай жағдайларда тиімді:

·       етеккір келер алдындағы синдром кезінде;

·       етеккір үзілісі кезінде;

·       дисменорея кезінде.

Вегетативті жүйке жүйесіне оң әсер етеді және тыныштандырғыш әрекет етеді, тиннитус – құлақта шу және шыңыл естілген кезде тиімді, сүт безінің қатерлі ісігі кезінде қолдану көрсетімдері бар.

Қабынуға қарсы, ауруды сездірмейтін және дене ыстығын түсіретін әрекет етеді.

Цимицифуга сіріндісі жатыр мен қынапқа экстрогенді әсер етпейді.

ЦИНК-СПИРУЛИНА (ЦИНК-БИО) – мырыштың хелаттық нысаны

Мырыш – өмірлік маңызды микроэлементтердің бірі.

Шамамен 300 ферменттің құрамына кіреді, генетикалық ақпаратты таратуға және ақуыздың жасушалардағы биосинтезіне қатысады, жарақаттардың жазылуына және зақымдалған тіндердің қалпына келуіне ықпал етеді, антиоксиданттық жүйенің компоненті болып табылады, аргининнен азот тотығының түзілуін ынталандырады, атеросклерозға қарсы әрекет етеді, есте сақтау қабілетінің жақсаруына ықпал етеді, глюкозаның сіңуін реттейтін инсулиндік жүйенің компоненті болып табылады, гемоглобиннің синтезіне және оттегіні эритроциттермен тасымалдауды реттеуге қатысады, А дәруменінің тасығышы болып табылатын ақуыздың компоненті болып табылады, Т-жасушалық иммунитетті белсендіреді.

Әйел ағзасында мырыш:

·       эстрогендердің өз рецепторларымен байланысуын ынталандырады;

·       дәмді қабылдауды реттейді;

·       тері мен шаштың күйін жақсартады.

В6 ДӘРУМЕНІ (пиридоксин)

Амин қышқылдарының теңгерімін және алмастырылмайтын амин қышқылдарының синтезін қамтамасыз ететін ақуыз бен пептидтердің синтезі үшін қажет фосфопиридоксальдың ізашары болып табылады. Нейро-гормоналды жүйенің қызметін және эмоциялық салаға әсер етеді, күйзеліс күйінің қалыптасуына, соның ішінде етеккір келер алдындағы күйзеліс күйіне тосқауыл болады, етеккір келер алдындағы және климактерийлік кезең симптомдарын жеңілдетеді. Жүйке тінінің маңызды компоненттері - гема (гемоглобин, митохондриялық және микросомальдық цитохромдар, антиоксиданттық ферменты) және сфингомиелиндердің синтезіне қатысады.

Атеросклероздың дамуына тосқаулы болады. Антиоксиданттық әрекет етеді.

Пайдалы кеңестер: балалардың қолдары жетпейтін, құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтаңыз.

Қарсы көрсетімдері: компоненттерге дербес төзімсіздік, жүктілік, бала емізу.

ББҚ. Дәрі болып табылмайды.
Қолданар алдында дәрігермен кеңескен жөн. 

 


Бейне

қолдану< / b>: < / b>
Тамақтану кезінде күніне 3 рет 1 капсуладан ересектер. 

 Қабылдау ұзақтығы 1 ай, қажет болған жағдайда қабылдауды қайталауға болады.
Гость Яковенко Галина Владимировна
Добрый день! Продукцией Vitamax пользуюсь очень давно и попробовала много препаратов, но в последнее время возникла необходимость в коррекции гормонального фона. Приобрела препарат Меновитол. Буквально после недельного приема меня "отпустило" - заметно улучшилось общее состояние, снизились интенсивность и частота приливов, а со временем и совсем прекратились. Принимаю Меновитол регулярно уже в течение года и чувствую себя хорошо - нормализовался сон, эмоциональное состояние, заметно увеличилась работоспособность. Замечательный натуральный препарат!
Аты
Наталья

«Меновитол Плюс» я считаю незаменимым прекрасным продуктом для женщин в климактерический период! Принимаю немного больше полугода. Очень помогает! Снимает выраженность и частоту приливов на 90 %, очень положительно влияет на психо-эмоциональное состояние, нормализует сердцебиение, дает ощущение спокойствия и хороший сон.

Аты
СВЕТЛАНА
Меновитол давала маме.Климакс у нее давно.Но в меновитоле очень хороший состав.Компонеты меновитола помогают усваиваться кальцию,что немаловажно в пожилом возрасте.И когда мама стала пить меновитол,улучшилось настроение,и ночью стала спать без ночных пробуждений,ушла бессоница
Аты

, .

(-). 18 21.00 ( , 18.00), ( 18.00).

. . .