Каталог
Цена
Категория товара
Область применения
Действующее вещество
Специальные предложения
Тип
Форма выпуска
Страна-изготовитель
Авторские формулы Дадали
Iodoselen
Йодоселен жиынтығы - С және Е дәрумендерінің табиғи түрімен толықтырылған табиғи йод пен селен. Зат алмасудың барлық түрлерін, қалқанша безінің жұмысын, физикалық, ақыл-ой, психикалық дамуды және денсаулықты қалыпқа келтіреді. Иммунитетті және репродуктивтік қызметті қалпына келтіреді. Онкологиялық аурулардың алдын алады.
Интросан Плюс - бұл тері жағдайын жақсартуға, ас қорытуды және иммунитетті қалыпқа келтіруге арналған өнім
Асқазан-ішек денсаулығына арналған табиғи ингредиенттердің жақсартылған кешені. Ол қабынуға қарсы және антиоксиданттық әсерге ие, токсиндерді кетіреді және метаболизмді қалыпқа келтіреді. Ол терінің күйіне жақсы әсер етеді және иммундық жүйені нығайтады.
Қан айналымды жақсарту және бас миының жұмысына оң әсер ету.
Шаршауды басады және күйзеліс күйін жеңілдетеді, қан айналымын жақсартады, жүректің, бүйректердің және орталық жүйке жүйесінің жұмысын ынталандырады. Өсімдік кешенінде белсенді заттардың жоғары мөлшерде болуы және олардың жоғары биологиялық қолжетімдігі қылтамырлардың сіңіру қабілетін төмендетуге және бас миының қан тамырларының қабырғаларының икемдігін арттыруға ықпал етеді, нәтижесінде ми қоректік заттармен жақсырақ қамтылады және шлактардан жылдамырақ босатылады. Гинкго билоба мен готу коланың үйлесімі айқын оң нәтиже береді: екі ингредиентте де мидың когнитивті атқарымын (есте сақтау, зейінділік және оқу қабілетін), сондай-ақ күретамырлардың, қылтамырлар мен көктамырлардың күйін жақсартатын бірегей қабілеті бар; сондай-ақ мидың қан тамырлары мен аяқтардың қан тамырларын жақсартады.Назар аударыңыз! Сақтау мерзімі шектеулі
Несеп шығару жүйесінің саулығына және циститтің алдын алуға арналған табиғи кешен
ВИТАМАКС ұсынған «Цистовитин»– итбүлдірген, аюқұлақ, қалақай жапырақтарының сірінділерінен; дәрумендік премикстен (А, D3, B1, B6, B12, C дәрумендері, никотинамид, фолий қышқылы, пантотен қышқылы, биотин) тұратын табиғи кешен. Несеп шығару жүйесінің ауруларын алдын алуға арналған, сонымен қатар, инфекциялар болған кезде қолдануға арналған жалпы нығайтқыш құрал.
Ми жасушаларын қалпына келтіру және есте сақтау қабілетінің жақсаруы
Neuro Excel ps
Бас миына арналған табиғи кешен. Жасушалардың құрылымын қалпына келтіреді. Уланудан және шаршаудан қорғайды. Құрсақішілік дамуда ақаулар болған кезде бала жасында қауіпсіз. Оқу, ақпаратты есте сақтау, жауаптық реакциялардың жылдамдығы мен дұрыстығын арттырады. Құрамында бас миының жасушаларына арналған алмастырылмайтын факторлар - фосфатидилсерин мен α-жөке қышқылы бар.
Табиғи L-аргинин, мырыш және L-лизин
Құрамында L-аргинин шартты-алмастырылмайтын амин қышқылы және L-лизин алмастырылмайтын амин қышқылы бар, сондай-ақ өте маңызды микроэлемент – органикалық нысандағы мырыш бар. «АЛМ Кешені» кешені жүрек-қан тамыры жүйесінің күйін жақсартады және күретамыр қысымын қалыпқа келтіруге ықпал етеді. Ұрпақ жаңғырту қызметін – қозулық қызметін және сперматогенезді жақсартуға, бұлшықетті арттыруға, дененің майлы салмағын азайтуға ықпал етеді.
Күшті детоксикация және паразиттерден қорғау
Ағзаны гельминттер мен көп жасушалы паразиттерден детоксикациялауға және тазартуға арналған бірегей құрал. Кешенді құрамының арқасында ас қорыту процестерін, өт түзілуін және бөліну процестерін қалпына келтіруге көмектеседі. Инвазион Про асқазан-ішек жолдарының шырышты қабығының қалпына келуіне ықпал етеді, ішек микробиотасын қалыпқа келтіреді және аэробты микроорганизмдердің шамадан тыс мөлшерінен туындаған шіру мен ашыту процестерін басады. Нәтижесінде жалпы әл-ауқат пен иммунитет жақсарады, адамның энергетикалық тонусы мен әлеуеті артады.
Бактериялар мен зеңдерге қарсы табиғи антисептик
Коллоидтық күміс ауру тудыратын микроағзалардың 600-ден астам түрлерінің көбеюін тиімді тежейді, бактерияға, вирусқа және микотикаға қарсы әсерге ие, өзінің микробиотасының қорғаныш қасиеттеріне әсер етпейді. Бүгінгі таңда, патогендердің антибиотиктерге және зеңге қарсы препараттарға төзімділігі күн сайын артып жатқан уақытта коллоидтық күмісті қолдану мүмкіндігі ерекше өзектілікке ие.
Грейпфрут сүйекшелерінің сіріндісі негізіндегі жаңа, табиғи, өсімдік тектес кешен – антибиотиктердің баламасы және профилактиканың сенімді құралы.
ВИТАМАКС ұсынған Натурсептин (грейпфрут сүйекшелерінің сіріндісі) – бактерияларға қарсы, зеңдерге қарсы және вирустарға қарсы күшті әрекет ететін жаңа бірегей табиғи кешен. Ол зеңдердің 100-ден астам штаммдарының және вирустар мен бактериялардың 800-ден астам штаммдарының өсуі мен көбеюін тежейді, паразиттерді жояды. Сапрофиттік микрофлораны сақтайды, ағзаның табиғи кереғарлығын белсендіреді, ұзақ уақыт қолданған кезде үйреніп кетуге жол бермейді. «Натурсептин» кешенінің құрамындағы биофлавоноидтар холестериннің деңгейін қалыпқа келтіруге ықпал етеді, холестерин түйіншектерінің туындау қаупін төмендетеді, қылтамырлардың қабырғаларын нығайтады жәнеқан ұйығының түзілуіне тосқауыл болады.
Бір сауытта микроэлементтердің толық кешені бар
Микро- және макроэлементтер ағзада аса маңызды рөл атқарады. Олардың тапшылығы денсаулыққа және адамның хал-жайына дереу әсер етеді. «Спектрамин Про» табиғи тектес кешенінің құрамында осы тапшылықты өтей алатын макро- және микроэлементтердің толық кешені бар. Ағзаның тәуліктік қажеттілігін ескере отырып, жалпы нығайтқыш әрекет етеді, салқын тию мен басқа ауруларға төзімділікті арттырады, зат алмасу үдерістерін ынталандырады, сүйектерді, шаш пен тырнақтарды нығайтады. Жоғары дене жүктемесіне ұшырайтын, созылмалы күйзелісте болатын, сондай-ақ тамақтану рационы теңгерімсіз және экологиялық қолайсыз өңірлерде тұратын адамдар үшін ерекше маңызды.
Күніне 10-20 минут ішінде белсенді жастық, сымбат және денсаулық
Relax капсуласының сәулеленуі адамның энергетикалық әлеуетін жұмылдырады, ағзаны қосымша қуатпен және сергектіпен қамтамасыз етеді, қоректік заттардың жасушаларға жеткізілуіне ықпал етеді, бұлшықеттің босаңсуын және дененің күшті уытсыздануын қамтамасыз етеді.
«Капсула денеге шипалы ыстық бұлақ сияқты әсер етеді - бұл әр жасушаның жалпы сауығуы!» Дәрігер Чанг
Паразиттерден күшті қорғаныс
Денені жетілген паразиттерден, олардың личинкалары мен жұмыртқаларынан тазартудың ерекше құралы патогендік және шартты патогендік формалардың 13 түріне қарсы күшті антифукнционалды әсерге ие. Сондай-ақ ол Candida albicans және non Candida albicans қатысуымен пайда болған тұрақты биопленканы бұзады және асқазан -ішек жолдарының дисбиотикалық бұзылыстарының асқынған жағдайларын жеңуге көмектеседі. Инвасап Про асқазан-ішек жолдарының шырышты қабығын қалпына келтіруге көмектеседі және шіру мен ашу процестерін басады. Нәтижесінде жалпы әл-ауқат, иммунитет жақсарады және адамның өміршеңдігі артады.
Эндофлора – тоқ ішектің микробиотасын (микрофлорасын) жаңартуға және оның негізгі функцияларын қолдауға арналған шығу тегі табиғи синбиотикалық зат. Өнімнің құрамындағы пробиотикалық штаммдар (бифидобактериялардың 6 штаммы) пребиотикалық компоненттермен күшейтілген. Табиғи жолмен шыққан синбиотиктерді жүйелі қолдану ас қорыту процесін реттеуші әсер етеді, дисбактериоздың әртүрлі түрлеріне, өткір ішек инфекцияларына, әртүрлі этиологиялардыі асқазан-ішек жолдарының және несеп-жыныс жолдарының бұзылуларында көмектеседі. Сонымен қатар, ол адам ағзасының эндокриндік, жүйке және басқа жүйелерінің жұмысын қолдайды, барлық жас топтарындағы имміндық жағдайды жақсартады.
Сапалы ұйқы
«Жеңіл ұйқы» бальзамы – ұйқысыздықты жеңуге көмектесетін табиғи кешен. Бальзамды қабылдау ұйықтауды жеңілдетеді, түнгі ұйқыны толыққанды және қатты етеді, ал ояну – жеңіл және ыңғайлы, күндізгі ұйқышылдық мазаламайтын болады. Кешенді қабылдау алаңдаушылық көріністерін азайтуға, көңіл-күйді жақсартуға, күні бойы сергек және қуатқа толы сезінуге мүмкіндік береді.
Денсаулыққа, жастық шаққа және сұлулыққа арналған тиімді аспап!
Энергетикалық инфрақызыл шамды пайдалану денсаулықтың күйін жақсартуға, қартаю үдерістерін тежеуге, сұлулықты сақтауға және жастық шақты ұзартуға көмектеседі.
Энергетикалық шам - 4-14 мкм диапазонында күшейтілген инфрақызыл сәуле шығаратын тиімді аспап.
Энергетикалық инфрақызыл аспапты күніне небәрі 10-30 минут қолдану зат алмасу үдерістерін ынталандырады, бұлшықеттің түйілуін және қысылып қалуын кетіреді, жасушаларға энергия береді және дене мен жүйке жүйесінің әртүрлі бөліктерінің жұмысын жақсартады.
Холестеринді азайту және жүрек-қан тамыры ауруларының алдын алу
New Life 1000
Омега-3 көп қанықпаған май қышқылдарының кешені. Тығыздығы жоғары және төмен холестеринді теңгерімдейді, Қан плазмасының майлылығын төмендетеді. Қанның қан тамырларының бойымен өтуін қалпына келтіреді. Қабыну үдерістерін тоқтатады. Антиаллерген.
Ісік пен онкологияның алдын алу
Супериндол Про – құрамында крестгүлділер тұқымдасының сығындылары бар табиғи өсімдік кешені, эстрогендердің метаболизмін қалыпқа келтіреді, әйелдер мен еркектердің ұрпақты болу жүйесінің гормонға тәуелді патологияларын түзейді, ерлердегі қуық асты безінің, ал әйелдердегі аналық бездерінің, жатырдың және сүт бездерінің функционалдық белсенділігін және денсаулығын қолдайды.
Ересектер мен балалардың денсаулығы үшін маңызды D дәрумені!
Vita D3
Сублингвальды спрей иммундық жүйенің тиімді жұмысына, сергектікке және жақсы көңіл-күйге жауап беретін D3 дәруменінің қанға тез жеткізілуін қамтамасыз етеді. Сүйектер мен тістерді нығайтады, терінің күйін жақсартады, репродуктивті функцияны қалыпқа келтіреді, май мен көмірсулар алмасуын реттейді.
Табиғи пробиотикалық кешен
Multi-Strain Probiotic ComplexPro
Құрамы мен технологиясы бойынша бірегей, құрамында бактериялардың 9 түрі бар. Сүт қышқылды бактериялар асқазан-ішек жолына оң әсер етеді: ас қорыту сөлдері мен ферменттерінің секрециясын күшейтеді, қышқылдықты қалпына келтіреді, ішектің қимыл қызметін реттейді және дәрумендер мен минералдардың сіңуін жақсартады. Ағзаның күшін тұмаумен және басқа вирустық аурулармен күресуге бағыттайды.