Гепаклинз, 60 капс.
Арт. 4005
АҚШ-та өндірілген. № 77.99.11.003.E. 007231.06.15 25.06.2015 ж
Құты 60 капс.
Биофлавоноидтардың, дәрумендердің, каротиноидтар мен амин қышқылдарының таптырмас көзі болып табылады, бауырдың жұмысына оң әсер етеді және алкоголь тұтыну, тамақты көп жеу, дәрілік препараттарды қабылдау, қолайсыз экология сияқты токсиндік агерссивті факторлардың теріс әсерін төмендете алады. Формуланың биологиялық белсенді заттары бауыр жасушаларының атқарымдарын қалпына келтіреді, сондай-ақ өт тастарының түзілуіне тосқауыл болады.
Құрамы: L-таурин, жүгері жапырақшаларының сіріндісі, куркуманың ұзын тамырсабағының сіріндісі, дәрілік бақбақ тамыры, шұбар алатікен тамыры, алатікен дәндерінің сіріндісі, орақ тәрізді шоқсары тамыры, қара егістік шомыр, инозит, В6 дәрумені, «Zantin»® - астаксантин кешені.
Ингредиенттердің қасиеттері
L-таурин – амин қышқылы. Бауырға күшті қолдау көрсетеді, көптеген амин қышқылдарының синтезі үшін қажет. Майлардың ыдырауына, май еріткіш дәрумендердің сіңуіне қатысатын өттің негізгі компонентінің құрамына кіреді. Өт шығаруды жақсартады, өт тастарының түзілуіне тосқауыл болады.
Жүгері жапырақшаларының сіріндісі – өт және несеп шығару жолдарына түйілуді басатын әсер етеді, несеп шығару және өт айдау қасиеттері бар. Өттің тоқырауын болдырмауының арқасында бауырды тазартуға ықпал етеді. Тастар түзілуін азайтады, тітіркенуді жеңілдетеді, несеп шығару жолдарынан ұсақ тастардың шығарылуына ықпал етеді.
Куркуманың ұзын тамырсабағының сіріндісі – өттің синтезін және шығарылуын ынталандырады, шаншулар мен түйілулердің туындауына жол бермейді, ауырлық сезімі мен метеоризмді басады. Ас қорытуды реттейді, қандағы холестерин деңгейін төмендетеді.
Сүтті түйетікен (шұбар алатікен) дәндерінің сіріндісі – құрамында табиғи флавоноидтардың бірегей комбинациясы бар, соның арқасында күшті гепатопротекторлық әрекет етеді және токсиндік (химиялық, тағамдық, алкогольдік, дәрілік және т.б.) зақымданулар кезінде және бауырдың әртүрлі аурулары кезінде қолдануға кеңес беріледі.
Бақбақ тамыры – ішек-асқазан жолының жұмысын қалыпқа келтіреді. Өт айдағыш, сондай-ақ бауырды нығайтатын және сауықтыратын құрал ретінде танымал. Спазмолитикалық, іш жүргізетін және қан тазартқыш қасиеттері бар.
Қара шомыр – асқазан шырынының шығарылуын күшейтеді, ас қорытуды жақсартады, түйілуді басатын әрекет етеді. Антисептикалық, несеп айдағыш және өт айдағыш қасиеттері бар.
В6 дәрумені – амин қышқылды алмасуды реттеуге қатысады, ағзаның қанықпаған май қышқылдарын пайдалануын жақсартады, бауырдың, жүйке жүйесінің және қан түзу жүйесінің қызметіне оң әсер етеді.
Инозитол - холестерин деңгейін төмендетеді, бауырда майды өңдеу үдерісін бақылайды.
«Zantin»® (астаксантин) - күшті антиоксиданттық әрекет етеді, иммундық жүйені нығайтады, ақуыздық және липидтік алмасуды қалыпқа келтіреді.
Пайдалы кеңестер: құрғақ, жарықтан қорғалған және балалардың қолдары жетпейтін жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтаңыз..
Қарсы көрсетімдері: компоненттерге дербес төзімсіздік, жүктілік, бала емізу.
ББҚ. Дәрі болып табылмайды.
Қолданар алдында дәрігермен кеңескен жөн
B6 витамины, биофлавоноидтер, каротиноидтер, аминқышқылдары және астаксантин көзі ретінде.
Ересектерге тамақтан кейін күніне 1-2 рет 1 капсуладан. Қабылдау ұзақтығы – 1-2 ай, курсты қайталау мүмкін.
Өт тас қалуын алдын алудың кешенді бағдарламасында.
Ересектерге тамақтан кейін күніне 2 рет 1 капсуладан. Қабылдау курсы – 3-4 ай.
Улану кезінде организмді детоксикациялау үшін.
Ересектерге және жасөспірімдерге тамақтан кейін күніне 2 рет 1 капсуладан. Курс ұзақтығы – 1 ай.
Өт ағуының қалыптасуы мен ас қорыту үрдістерін жақсарту үшін.
Ересектерге тамақтан бұрын күніне 2 рет 1 капсуладан. Қабылдау 2-3 ай бойы, қажет болса курсты қайталауға болады.
Майлы гепатоз және бауыр циррозын түзетудің кешенді бағдарламаларында және олардың алдын алу үшін.
Ересектерге тамақтан 20-30 минуттан кейін күніне 2 рет 1 капсуладан. Қабылдау ұзақтығы – 6-12 ай.
Гепатит кезінде реабилитацияның кешенді бағдарламаларында.
Ересектерге тамақтан кейін күніне 2-3 рет 1 капсуладан. Ұзақ мерзімді қабылдау.
Гепатотоксикалық дәрілерді қолданғаннан кейін.
Ересектерге тамақтан бұрын күніне 2 рет 1 капсуладан. Ұзақ мерзімді курс ұсынылады.
Стресс және шаршау кезінде организмді қолдау үшін.
Ересектерге тамақтан кейін күніне 1-2 рет 1 капсуладан.
Зиянды өндірістерде және улы заттармен жұмыс істейтін адамдар үшін.
Ересектерге тамақтан кейін күніне 1-2 рет 1 капсуладан.